Каспий құбыр желісінің қазақстандық учаскесінде мұнай айдау стансалары салынуда

размер шрифта: Aa | Aa
26.07.2012 12:20
 Каспий құбыр желісі консорциумының мұнай құбырын кеңейтуді мақсат етіп отырған жобаның қазақстандық учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметінен pm.kz сайтына. alt

«КТК құбырын кеңейту жобасының аясында бүгінде Атырау және Теңіз мұнай айдау стансаларында жаңарту және кеңейту жұмыстары, сондай-ақ жаңа А-НПС-3А және НПС-4 стансаларының құрылыстарына әзірлік жүргізіліп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, қазақстандық учаскелердің бірінде диаметрі 700 мм құбырлар  1000 мм құбырларға ауыстырылуда.

Айта кету керек, кеңейту жобасының арқасында КТК мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін 28,2 млн. тоннадан/жылына (оның ішінде қазақстандық мұнайдың көлемі 21,5 млн. тонна) 67 млн. тоннаға/жылына жеткізу (қазақстандық мұнайдың көлемі 52,5 млн. тонна) қарастырылуда.alt

Компанияның ақпараты бойынша, бұл жобаны іске асыру консорциумды жаңа экономикалық деңгейге шығарады. Табыс екі есеге артып, жылына 2,3 млрд. долларды құрайды деп күтілуде. Оған қоса, 2015 жылға қарай мұнай айдау стансаларының саны қазіргі 5 бірліктен 15-ке жететін болады.

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту