Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде 20,3 млрд. текше метр газ өндірілді

размер шрифта: Aa | Aa
26.07.2012 12:23
2012 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында республикамызда 20,3 млрд. текше метр (102 пайыз) газ өндірілді.

Мұнай және газ министрлігінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтеріне Қарағанда, республика облыстарының табиғи газды тұтыну мөлшері жоғарыда аталған кезеңде 5,5 млрд. текше метрді құрады (101,5 пайыз).

Ал негізгі жобаларға келетін болсақ, бүгінгі күні Жамбыл облысындағы Аманкелді газ кен орнын игеру жалғасуда. Аталған жобаға сәйкес, 2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша газ өндіру 163,2 млн. текше м. (99,1 пайыз), газ конденсаты - 10,7 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларын іске асыру барысында, газ алауларында жағылатын газ көлемі 0,5 млрд. текше метрді құрап отыр. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзiмiмен салыстырғанда 75,9 пайызға тең көрсеткіш болып табылады.  

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту