Қаңтар-маусым айларында 4,2 млрд. текше метр газ экспортталды

размер шрифта: Aa | Aa
26.07.2012 12:24
2012 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында республикамыздың газ экспорттау көлемі 4,2 млрд.текше метрді (95,5%) құрады.

Бұдан бөлек, аталған мерзім аралығында 1 091,5 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы өндірілді (101,5%).

 Мұнай және газ министрлігінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтеріне қарағанда, халықаралық газ транзиті көлемі 50,6 млрд.текше метрді немесе 108,5 пайызды құрап отыр.

Тоқтала кететін жайт, «Газпром» ААҚ, «Өзбекмұнайгаз» МХК және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында газды қарсы жеткізу туралы 2006 жылғы 27 желтоқсандағы келісімге сәйкес барлық газ импорты тең баға бойынша және тең көлемдерде Қарашығанақ экспортымен «айырбасталады».

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай газ құбырының 1-ші учаскесінің 1-ші және 2-ші желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға  тапсырылды. Бүгінгі күнде шамамен 30 млрд.текше метр транзиттік газ тасымалданды. Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-ші учаскесін компрессорлық стансаларының құрылысын қосқанда, толық аяқталуы және пайдалануға енгізілуі 2012 жылдың соңына дейін жылына қуаты 30 млрд. текше метр, ал кейіннен жылына 40 млрд.текше метрге дейін кеңеюі жоспарланып отыр. Бұдан басқа, қазіргі уақытта, қуатын жылына 65 млрд.текше метрге дейін ұлғайту арқылы, Қазақстан-Қытай газ құбырының 1-учаскесінің үшінші желісін салу мәселесі де пысықталып жатыр.

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту