Rompetrol Румынияда Фокшани блогында алғашқы барлау ұңғысын бұрғылауды бастайды

размер шрифта: Aa | Aa
31.07.2012 12:22
The Rompetrol Group N.V. Румынияда Фокшани блогында алғашқы барлау ұңғысын бұрғылауды бастайды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) баспасөз қызметі.

«Ромпетрол тобының барлау және өндірумен айналысатын Апстрим бөлімшесі Румыниядағы Фокшани блогында алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылауға кіріседі, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі. Компанияға аталмыш блогты барлау мен пайдалану құқығы 2005 жылы берілген болатын.

Бұл қадам Қазақстанның мұнайгаз өндірісінің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының және Ромпетрол компаниялар тобының тарихындағы жаңа беттерді ашуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан мен «ҚазМұнайГаз» тарихындағы елден шеткері жердегі ең алғашқы ұңғыма болып табылады.Бұған дейін осы тәріздес барлық операциялар тек ғана Қазақстан аумағында орналасқан кеніштерде ғана атқарылып келген. Еуропа аумағында барлау мен өндіру бағдарламасын жүзеге асыру әлемдегі ірі және табысты 30 мұнайгаз компаниясының құрамына кіруді негізгі міндеті етіп қойған «ҚазМұнайГаз» компаниясының даму стратегиясының шеңберінде іске асырылуда.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының Еуропаға, оның ішінде Румынияға инвестиция салуы Қазақстанның Румыниямен және Еуропалық Одақпен әріптестігін одан әрі тереңдетуге құлшынысын білдіреді. Компания халықаралық деңгейде өзін Қазақстан Республикасының атынан лайықты көрсетіп келеді, ол өзінің белсенді қызметімен орта және ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа арасында энергетикалық көпір салуға әлдеқайда жағдай жасайды. Фокшани блогында бұрғылаудың басталуы Қазақстанның еуропалық құрылықтың энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға қосқан үлесі болып табылады», деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Румыниядағы уақытша сенімді өкілі Талғат Қалиев.

The Rompetrol Group - 2007 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобында. Ол - Румыния, Франция, Испанияны қоса есептегенде, Оңтүстік-Шығыс Европаның 12 елінде қызмет көрсететін халықаралық мұнай компаниясы болып табылады. Қызметінің негізгі бағыттары: мұнай өңдеу, маркетинг және сауда, сонымен қатар барлау, өндіру және өндіріс жөніндегі қосымша операциялар», - деп көрсетілген компания баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан хабарда.  

 

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту