Солтүстік Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

размер шрифта: Aa | Aa
28.07.2012 11:50
Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық таза мұнай өңдеу зауыты салынады.

Бұл туралы облыс әкімі Серік Біләловпен болған кеңесте айтылды. Оған компания президенті Қажымқан Мәсімовтың басшылығымен «Қазэнергоөңір» Инвестициялық компаниясы» ЖШС-нің делегациясы, сондай-ақ шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

altКездесу барысында «2009-2015 жылдарға арналған ҚР мұнай өңдеу зауытын дамытудың кешенді жоспары» бағдарламасын іске асыру аясында облыста экологиялық таза мұнай өңдеу зауыты құрылысының жобасы қарастырылды.

Кәсіпорынды Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево елді мекенінде салу жоспарлануда. Зауыттың бастапқы қуаттылығы - жылына 5 млн. тонна мұнай.

«Қазэнергоөңір» Инвестициялық компаниясы» ЖШС, Қазақстандағы Словен үйі және қытайлық «Шаакс Ксингхуо Индастриз Групп Ко. ЛТД» компаниясы инвесторлар болып табылады.

ПЕТРОПАВЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту