Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының қуаты жылына 20 млн. тоннаға дейін артады

размер шрифта: Aa | Aa
28.07.2012 11:52
Республикада Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы жобасының екінші кезегінің екінші кезеңі жүзеге асырылуда,  деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігнің баспасөз қызметі pm.kz сайтына.

«Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы  жобасының екінші кезегінің екінші кезеңінің жобасы «Қазмұнайгаз»-дың перспективалық жоспарына және «Қазақстан-Қытай құбыр өткізгіші» ЖШС 2012 жылғы  бюджетіне енгізіліп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеудің шығыны мақұлданған», - делінген ведомство хабарында.

2011 жылы Атасу-Алашаңқай 11мұнай құбырының   МҚС құрылысы аяқталып, оның өткізу қуаты 12 млн. тоннаға артқан болатын.

ҚР Мұнай және газ министрлігінің ақпарына қарағанда, бүгінгі күні Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының өткізу қабілетін ресей  мұнайының қосымша көлемінің транзиті үшін  20 млн. тоннаға дейін жеткізу жолында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен, «ҚазТрансОйл» АҚ  мұнай құбыры құрылысының Құмкөл-Қарақойындағы  үшінші бөлігінің және Қызылжар  МҚС Құмкөл-Қарақойын-Атасу учаскесі  құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі.  Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ  Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының жұмысын қамтамасыз ету үшін өз нысандарында дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік,  Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту  аясында екі жоба: ұзындығы 777,5 шақырым, диаметрі 813 мм болатын Кеңқияқ- Құмкөл телімі және жалпы ұзындығы 962,3 шақырым, диаметрі 813 мм болатын  Атасу - Алашаңқай  жүзеге асырылады.

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту