Газ-химия кешені құрылысына кадрларды даярлау жөнінде халықаралық компаниялармен келісімге қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
01.08.2012 11:57
Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысының  мамандарын даярлауды Қытай, Корея және Германия компаниялары жүзеге асырады,

 деп хабарлады ҚР Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметі  Pm.kz сайтына.

alt «Атырау облысындағы газ-химия біріктірілген кешені құрылысының жобасы бойынша жергілікті кадрларды даярлау жөнінде Германияның  CB&I Lummus, Currenta, Кореяның  SK Energy, Қытайдың Sinopec Engineering компанияларымен келісімге қол қойылды», - делінген ведомствоның хабарында.

ҚР МГМ ақпарына қарағанда, CB&I Lummus Technology Inc неміс компаниясы кадрларды үш деңгейде даярлау жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге кірісіп те кеткен, олар: техникалық жұмыскерлер, орнату операторлары, инженерлік-техникалық жұмыскерлер. Кадр даярлау мерзімі 2-4 жыл.

Мұнай-газ өндірісін пайдалану жөніндегі мамандарды даярлау республикалық төрт жоғары оқу орны базасында жүзеге асырылады: Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Атырау мұнай және газ университеті және М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Жолдауында Атырау газ-химия кешенін жобалық қуатына шығаруды қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта құрылыстың І кезеңінде негізгі техникалық құрылғылар мен алаңішілік желілердің 78% жобалау жүргізілді, инфрақұрылым нысандарының 95% жобалау аяқталуға жақын.   

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту