Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары жаңартылуда

размер шрифта: Aa | Aa
08.08.2012 10:28
Қазақстанда  үш мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Pm.kz. сайты хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылып отырған бұл жобалар басымдыққа ие. Зауыттарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңмен 2015 жылдың аяғына дейін жүргізіледі», - делінген ведомство хабарламасында. Айта кету керек, мұнай өңдеу зауыттарында өндіріліп жатқан өнімдер ЕУРО-2 стандарттарына сай келеді. Министрліктің ақпараты бойынша, зауыттарды қайта құрылымдау және жаңарту жұмыстары олардағы әбден тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға, ашық түсті мұнай өнімдерінің өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал бұл өз кезегінде, ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ жоғары октанды бензин өнімдерінің импортына деген тәуелділіктен құтылуға жағдай жасайды. Жаңарту жұмыстары оған қоса, өнімді тереңірек өңдеуге және бензин мен дизельдік отынның сапасын жақсартуға, қоршаған ортаға келетін зиянды әсерлерді азайтуға, сондай-ақ мұнай өнімдерінің сапасын Еуро-5 стандарттарына жеткізуге мүмкіндік береді.

АСТАНА.  7 тамыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту