Бірінші жартыжылдықта отандық мұнай өңдеу зауыттарында 7 млн. 186 мың тонна мұнай өңделді

размер шрифта: Aa | Aa
08.08.2012 10:29
 І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, мұнай өңдеуші отандық зауыттарда 7 млн. 186 мың тоннаның мұнайы өңделді.

Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Pm.kz. сайты хабарлайды.

Биылдың алғашқы жартыжылдығында қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделген мұнай көрсеткіші  өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 10,9 пайызға көп. Атап айтқанда, есепті кезеңде 1 млн. 484 мың тонна бензин, 2 млн. 95 мың тонна дизель отыны, 1 млн. 773 мың тонна мазут, 195 мың тонна авиакеросин өндірілді.

Еске сала кетсек, бүгінде еліміздің мұнай өңдеу саласында үш зауыт бар. Олар: 1945 жылы іске қосылған Атырау мұнай өңдеу зауыты, 1978 жылы жұмыс істей бастаған Павлодар мұнай-химия зауыты, 1985 жылы ашылған «Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Бүгінде аталмыш зауыттарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

АСТАНА.  7 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту