Қазақстанда халық арасында энергетикалық тиімділікті насихаттау бойынша кешенді жоспар жасалды

размер шрифта: Aa | Aa
09.08.2012 17:05
 Қазақстанда халық арасында энергетикалық тиімділікті насихаттау бойынша кешенді жоспар жасалды, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділік басқармасының бастығы Әлібек Қабылбай.

«Бізде энергетикалық тиімділікті насихаттау бойынша кешенді жоспар жасалды. (…) Біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың да, халықтың да энергетикалық ресурстарды тұтыну мәселелеріне ерекше назар аударуға тиіспіз. Бұл сегментте энергия үнемдеуді насихаттау мәселе болып табылады. Біз электр қуатын өндіруде, жеткізу мен тұтыну энергетикалық тиімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар адамдарға бұл проблеманың маңыздылығын түсіндіруге тиіспіз», - деді ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сонымен бірге, өнеркәсіпте энергия үнемдеу тетігін жолға қою да бірінші кезектегі міндет болып табылады.

«Біздің басты бағытымыз Қазақстанның өнеркәсібінде энергетикалық тиімділікті арттыру болып табылады, өйткені онда әлеует үлкен - 15%-дан 40%-ға дейін (үнемдеу - ҚазТАГ) және елдегі өнеркәсіптің тұтынуы да ірі -  еліміздегі электр қуатының 70%», - деп еске салды Ә. Қабылбай.

Оның айтуынша, американдық ІВМ компаниясының мамандары жасаған кешенді насихат жоспары өзекті және халықаралық талаптарға сәйкес келеді.

IBM-нің таныстыру материалдарына сәйкес, энергия үнемдеу бағдарламасы қолданылса, халықтың электр қуатын тұтынуы қазір жоспарланған 9,6 млрд кВтсағаттан 2013 жылы 9,4 млрд кВтсағатқа, 2015 жылы болжанған 10,4 млрд кВтчсағаттың орнына 10,1 млрд кВтсағатқа дейін төмендейді. 2013-2015 жылдардағы үнемдеу ақшаға шаққанда $60 млн-нан асады, соның ішінде $47 млн-нан астамы электр қуаты бойынша, ал $12 млн газ бойынша үнемделеді. 

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту