Атырау мұнай өңдеу зауыты Токиомен 297,5 млн. теңгеге несиелік келісімге қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
10.08.2012 11:27
 Токиода Japan Bank for International Cooperation және Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ банктерімен Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенінің құрылысына 327,5 млн. АҚШ долларға несиелік келісімге қол қойылды.

altҚарызды ұсыну мерзімі 13,5 жылды құрайды.

Мұнайды тереңдетіп қайта өңдеу кешенінің құрылысы жобасы АМӨЗ-дың толық жаңартылуының соңғы кезеңі болып табылады. Кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізатты (мазут, вакуумдық газойл) қайта өңдеуге көзделген.

«Жобаның іске асырылуы 2016 жылға қарай Атырау МӨЗ-дегі тереңдете қайта өңделетін мұнайды 85 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте дымқыл мұнайдың қайта өңдеу көлемі жылына 5,5 млн. тоннаға жетеді. Жоғары октанды бензиннің өндірісі қазіргі жылына 600 мың тоннадан 1 млн. 743 мың тоннаға дейін өседі. Бұл ретте зауыт шығаратын жағармай Еуро-5 талаптарына сәйкес келеді», - деп түсіндіріп өтті қол қойылған келісімнің маңызын «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Талғат Байтазиев.

АТЫРАУ. 9 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту