Ақсай қаласында «Конденсат» АҚ-ның вахталық кешені ашылды

размер шрифта: Aa | Aa
15.08.2012 14:34
Ақсай қаласында отандық кәсіпорын «Конденсат» АҚ-ның вахталық кешені ашылды.

Бұл шара компанияның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

alt«Конденсат» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісовтің айтуынша, кәсіпорын енді жоғары сапалы «Еуро-5» стандартына сәйкес келетін жоғары сапалы бензин мен дизель отыны сынды мұнай өнімдерін шығаратын өңдеу зауытын салмақшы. 44 орындық аталмыш жатақхана құрылысы 2011 жылдың 16 маусымында басталған болатын. Құрылыстың бас мердігері «Нафта» сауда үйі, қосалқы мердігері «СтройВиртуозПлюс» ЖШС. Құрылысшылар бір жылдай уақыт ішінде қажетті инфрақұрылымдармен қамтылған, автотұрағы, демалыс аймағы бар заманауи қос қабатты вахталық кешенді салып бітірді. Оның бірінші қабатында екі адамдық 14 бөлме орналасса, екіншісінде «люкс» класты бір адамдық төрт бөлменің әдемілігі көз тартады. Мұнда шағын асхана бар, ғаламтор, спутниктік телеарна орнатылған. Сондай-ақ бұл қабатта бір адамдық 11 бөлме де орын тепкен. Бөлмелердің барлығы да жанға жайлы.

ОРАЛ. 14 тамыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту