ШҰҒЫЛ: Атырауда жаппай төбелесте Қытайдың 4 азаматы зардап шекті

размер шрифта: Aa | Aa
15.08.2012 14:35
Атырауда 13 тамызда кешке болған жаппай төбелесте ҚХР-дың 4 азаматы зардап шекті.

Еске сала кетейік, Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңа кешен салып жатқан қытайлық «СИНОПЕК» компаниясындағы төбелеске кемінде 30 адам қатысты.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, төбелес «СИНОПЕК» компаниясының және мердігер ұйымдардың шетелдік және қазақстандық қызметкерлері тұратын «Еуразия строй капитал»  ЖШС жатақханасында болған.

4 адам дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға қаралды. Қажетті көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Жедел жәрдем медициналық көмек ауруханасынан түскен ресми  емес ақпарат бойынша, зардап шеккендердің бәрі де арақ ішкен.

«Еуразия строй капитал» компаниясы төбелеске қысқаша түсіндірме берді. Жанжал «СИНОПЕК» қытай қызметкерлері мен Қазақстанға Қытайдан келген оралмандар арасында болған. Оның себебі негізінен тұрмыстық жанжал болса керек.

Сейсенбі күні жатақханада тұратын 110 ҚХР азаматы мен 90 Қазақстан азаматы жұмысқа шыққан жоқ.

Атырау мұнай өңдеу зауытында олар хош иісті көмірсутектер - бензол мен параксилол шығаратын және мұнайды тереңдете өңдеу кешенін салуға қатысуда.

АТЫРАУ. 15 тамыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту