Зерттеушілер Моңғолиядағы ғылыми экспедиция кезінде әлі ғылыми айналымға түспеген жүздеген жұмбақтар жазып алды

размер шрифта: Aa | Aa
21.08.2012 12:43
 Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының зерттеушілері Моңғолия мен Ресейге тұңғыш рет арнайы экспедицияға барып келді.

«Шетелдегі қазақтардың әдебиеті, фольклоры, өнері» деген тақырыппен өткен бұл шара шілденің 4-і мен тамыздың 1-і аралығында өтті.

«Онда алдымен Моңғолиядағы қазақтар көбірек шоғырланған елді мекендер мен қалаларда болып  2 жүзге жуық адамнан фольклор, музыка және бейнелеу өнерінің үлгілері жиналды. Оның ішінде, атап айтқанда, қара өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, беташар, жоқтау, сыңсу, діни қиссалар, төйгелеу жыры мен шөрелеу жырлары, сонымен бірге әдеби үлгілер жарияланған сирек кездесетін кітаптар алынды», - дейді экпедицияның жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы. Оның айтуынша, зерттеу барысында Моңғолия қазақтары арасында жұмбақ жанры кең таралғандығы белгілі болды.  Экспедиция мүшелері халық арасынан әлі ғылыми айналымға түспеген жүздеген  жұмбақтар табылған. Бұдан бөлек көптеген жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ғұрыптық фольклор үлгісінің ерекше үлгісі  «Қозыны төйгелеу» және  «Ешкіні шөрелеу» жырлары да әнімен бірге жазып алынған көрінеді.

АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту