«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен Қазақстанның Даму Банкі Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
21.08.2012 12:46
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен Қазақстанның Даму Банкі Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды. Бұл жайында ҚР Мұнай және газ министрлігінің мәліметтерінде айтылған.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2012 жылдың 17 тамызында Астана қаласында Қазақстанның Даму Банкімен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Несие көлемі 252 000 000 АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі.

 Шараға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының, Атырау мұнай өңдеу зауыты және Қазақстанның Даму Банкі басшылары қатысты.

"Атырау МӨЗ-ындағы мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешен құрылысы" стратегиялық инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасының Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында көзделген. МТӨК жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген.

«Бұған дейін Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі, Токио-Мицубиши банкімен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойған еді. Енді Қазақстанның Даму Банкімен соңғы несие келісіміне қол қойылды. Жобаны жүзеге асыру 2016 жылға қарай мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерінің: Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін жоғарыоктанды бензин, дизель, авиациялық отын өндірісін қолға аламыз. Жобаны жүзеге асыру тек мұнай өңдеу саласы үшін ғана емес, еліміздің жалпы мұнай-газ кешенінің дамуына серпін беріп, Қазақстанның жанар - жағар май тұтыну нарығына да оң әсерін тигізбек»,- деді «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Талғат Байтазиев.

2011 жылдың 29 желтоқсан күні «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен құрамына қытайлық «Sinopec Engineering", жапондық «Marubeni Corporation» компаниялары және «КазСтройСервис» ҰМҚК АҚ кіретін Консорциуммен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының «түбегейлі тапсыру» Шартына қол қойылды.

Жобаның құны - ҚҚС-пен бірге 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларына тең. Жүзеге асу мерзімі - 41 ай.

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту