«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ сатылымын 1,4 есеге ұлғайтты

размер шрифта: Aa | Aa
27.08.2012 11:22
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2012 жылдың І жарты жылдығында газ сатылымын 2011 жылдың аталған аралығымен салыстырғанда 1,4 есеге немесе 5 млрд 332 млн. текше метрге дейін ұлғайтты.

«2012 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 5 млрд 332 млн. текше метр газ сатылды, 2011 жылдың осы кезеңіндегі сатылым – 3 млрд 829 млн. текше метр көлемінде болатын. Өсім мөлшері - 40% құрайды», - деп көрсетілген компания баспасөз қызметі таратқан хабарда.
1 жарты жылдықтағы газ тасымалы 3 млрд 092 млн. текше метрді құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12% артық, (2011 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында 2 млрд 748 млн. текше метр газ тасымалданды).
2012 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша компания активтері - 85 млрд 366 млн теңгені құраған, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы компания активтері – 67 млрд 243 млн. теңгені құраған еді. Өсім 1,3 есені құрады.
Соңғы 10 жылда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ сатылымын 900 млн. текше метрден 10 млрд. текше метрге дейін, яғни 10 есеге арттырды. 2012 жылдың қорытындысы бойынша компания 2011 жылға қарағанда 30% -ға артық мөлшерді құрайтын, яғни 10 млрд. текше метрден асатын көлемдегі газ сатуды жоспарлап отыр.
«10 жыл – бұл өте көп уақыт емес, дегенмен атқарылған іс бойынша талдап қарайтын болсақ, қыруар жұмыс атқарылған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Елбасының әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі басты тапсырмаларының орындалуында ерекше орын алатын компания. Келешекте де компания алдына көп міндеттер қойылып отыр», – деп атап көрсетті «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғалиев.
Сондай-ақ 10 жылдың ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ абоненттерінің саны 6,6 есеге – 112 мыңнан 740 мың абонентке өскен.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаев «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметінде тұрғындар соңғы тұтынушы болып табылады, сондықтан да әрине, бұл - біздің бизнес құрылымның әлеуметтік маңызды бөлігі» - деп өз пікірін білдірді.
Компанияның пайдалануындағы газ тарату құбырларының жалпы ұзындығы 10 жылдың ішінде 2 есеге көбейіп, бүгінгі күні 19 000 шақырымнан асып отыр. Соңғы 4 жылда газ тарату желілеріне күрделі қаржы салымы 4,5 есеге артып, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 7 млрд 995 млн. теңгені құрады.
«Мемлекет басшысы бізге Қазақстанның солтүстік аймағын газдандыруға міндеттеме жүктеді және магистральдық газ құбыры салынатын болады. Ендігі жерде бізге жаңа аймақтарда газ тарату желілерін жүргізу керек. Осы жұмыстармен де «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ айналысатын болады. Сондықтан да жақын 5-10 жылдың ішінде біздің атқаратын жұмыстафрымыз еселене түспек» - деп мәлімдеді Данияр Берлібаев.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2000 жылы сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылды. «ҚазТрансГаз» АҚ жалғыз акционері болып табылады. Қоғам қызметтері тарату құбыр жолдары арқылы газ тасымалдауға, тұрғындарды, коммуналдық - тұрмыстық, өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауға, инфрақұрылымдарды басқаруға бағытталған. Қазіргі кезде ҚТГА ҚР тауар газын сату рыногының 75% қамти отырып, Қазақстанның 9 аймағының 7 - де – Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қызмет көрсетеді.
  

Алматы. 24 тамыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту