Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді - А.Атамбаев

размер шрифта: Aa | Aa
23.08.2012 11:28
Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

alt«Қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізу мәселесі шешілді. Бұл өте мағызды мәселе болатын. Біз «Алматы-Кемин» жобасын жүзеге асыруға бірлесіп кірісуге тапсырма бердік. Бұл бізге болашақта электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен энергетика саласының басқа да, атап айтқанда, жаңа бірлескен су электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Үкіметаралық комиссияға Шымкенттен Қырғызстан территориясына мұнай құбырын тарту туралы мәселені зерделеу де қазірдің өзінде жүктелді», - деді Қырғызстан Президенті.

БІШКЕК. 22 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту