Қашағанда өндірістік мұнай өндіру желтоқсаннан 2013 жылғы көктемге шегерілді

размер шрифта: Aa | Aa
28.08.2012 11:18
«Қашаған» мұнай кенішінен мұнай өндіру желтоқсан айынан келесі жылдың көктеміне шегерілді, деп хабарлады AgipKCO компаниясының басқарушы директоры Умберто Каррара.

«Мұнай өндірісі келесі жылы теңіздегі мұз ерісімен басталатын шығар», - деді У. Каррара «Қашаған» кенішіне Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов барған кезде.
Оның айтуынша, биыл қыста күрделі жағдайда мұнай өндірісін бастамау туралы шешім қабылданыпты.
Бұл ретте өнімді бөлісу туралы келісім бойынша мұнай өндірісін биылғы қазан айында бастауға да болады. Енді ол мерзім келесі жылдың маусым айының басына шегерілді.
Еске салсақ, бұрындары бірнеше рет мұнай қоры 8 млрд баррельден асатын алып мұнай кеніші – «Қашағанда» тәжірибелік-өндірістік мұнай өндірісін 2012 жылдың соңына қарай бастайды деп жарияланған болатын.
Қашағанда мұнай өндірісін бастау бірнеше рет кейінге шегерілген. Eni бастаған шетелдік компаниялар консорциумы осы кеніштегі мұнай өндірісін 2008 жылы бастамақшы болған, кейін ол мерзім 2011 жылға шегерілді. Кейін тағы бір меморандумға қол қойлып, онда Қашағандағы өндірістік мұнай өндіру мерзімі 2013 жылға шегерілді.
Қазақстан үкіметі мен консорциум Қашағанды игеру барысындағы салық режимінің тұрақты болатындығы туралы уағдаласты.
Қашаған – соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қашағанмен Қазақстанның әлемдегі мұнай өндірушілердің алғашқы бестігіне кіру мүмкіндігі бар.
Бастапқыда Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарын 2005 жылы бастау жоспарланған болатын, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кен орнында өндіру жұмыстары 2012 жылдың соңы – 2013 жылдың басына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта Қашаған жобасына қатысушылар болып табылатын компаниялар: Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», бұлардың үлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips - 8,4% және жапониялық - 7,55%. Жобаның операторы - North Caspian Operating Company B.V.
 

Атырау. 28 тамыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту