Үкімет «Самұрық-Қазынаның» 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті

размер шрифта: Aa | Aa
28.08.2012 14:09
Үкімет «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ының (ҰӘҚ) 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.

«Біз әлемдегі осындай 30-дан аса қорға талдау жасап, қордың миссиясы компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыру арқылы, қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы республиканың ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылатынын белгіледік», - деп мәлім етті қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл инвестициялардан түзілетін кірістілік акционерлер мен кредиторларға берілетін капиталдың құнынан артық болуға тиіс дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, оның атап көрсетуінше, өзінің миссиясына сәйкес, қор келесі қағидаларды ұстанады: жалғыз акционер ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау, кірістілік, тиімділік, транспаренттілік, жүйелік және шешім қабылдау оперативтілігі, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік және заңдылық.

«Біздің міндетіміз – 2020 жылы стратегиялық холдингке айналу», - деп атап көрсетті Ө. Шөкеев. 

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - ӘселҚожағұлова.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту