Түйіршіктелген күкірт шығаратын қондырғыны Қашағанды өндірістік игермес бұрын салу керек, деп есептейді Атырау облысының әкімі

размер шрифта: Aa | Aa
28.08.2012 14:11
Түйіршіктелген және қабыршық күкірт шығаратын қондырғыны «Қашаған» мұнай кенішін өндірістік игермес бұрын салу керек, деп есептейді Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.

«Мұндай кеніштерді игергенде әр кез туындайтын проблема – мұнай мен газдан күкіртті бөліп алу. Оның жыл сайынғы өндірісі 1 млн тоннаға жетеді. Бүгіннің өзінде түйіршіктелген және қабыршық күкірт шығаратын қондырғыны сала бастау керек. Оны тасымалдау экологияға әсер етпейді», - деді Б. Ізмұхамбетов Каспий теңізіндегі қазақстандық сектордағы Қашаған кенішіне барған кезде.
«Ол қондырғылардың қуаты кеніштің өндірістік деңгейге шығатын толық қуатына есептеліп салынуы тиіс», - деді әкім.
«Аджип ККО» компаниясының директоры Умберто Каррара бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, зауыт шығаратын барлық кұкірт текшеленіп, оны ауадан оқшауланған жаңа технология бойынша сақтау жоспарлануда. Күкірт болғанда тек 2014 жылға дейін өндірілген күкірт қана сақталады, ал одан кейінгі өндірілген күкіртті мұнайшылар толығымен өңдемекші.
Әкімшілік мәліметтерінше, теңізде салынған екі жасанды аралда 20 ұңғы бұрғыланып, аяқталды. Олардың әрқайсысының тереңдігі 4,5 және 5 километр. Тағы 3 жасанды құрылымдарда да да бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 13 ұңғы бұрғылануда.
Каспийдің қазақстандық қайраңында – Қашаған, Қайран, Ақтоқты және Қаламқас кеніштерінде пайдаланылатын, барлау және бағалау ұңғысы бар, барлығы 41 ұңғы бұрғыланған.
Қашаған – соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қашағанмен Қазақстанның әлемдегі мұнай өндірушілердің алғашқы бестігіне кіру мүмкіндігі бар.
Бастапқыда Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарын 2005 жылы бастау жоспарланған болатын, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кен орнында өндіру жұмыстары 2012 жылдың соңы – 2013 жылдың басына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта Қашаған жобасына қатысушылар болып табылатын компаниялар: Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», бұлардың үлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips - 8,4% және жапониялық - 7,55%. Жобаның операторы - North Caspian Operating Company B.V.
 

Атырау. 28 тамыз. ҚазТАГ

Ключевые слова: ІзмұхамбетовҚашағанмұнай
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту