«Қашаған» кен орнында 20 ұңғыма пайдалануға дайын

размер шрифта: Aa | Aa
29.08.2012 17:17
Атырау облысында қоры 8 миллиард баррельге бағаланатын «Қашаған» теңіздік кен орнындағы екі жасанды аралда пайдалануға берілетін 20 ұңғымадағы бұрғылау аяқталды.

alt«Аджип КҚО» компаниясының басқарушы директоры Умберто Каррараның хабарлауынша, жасанды аралдардың ең ірісі - «Д» аралында олардың саны 20, ал көршілес жатқан «А» аралында 8 ұңғыма бұрғыланды. Әрқайсының тереңдігі - 5 шақырымға жуық.

Бұрғылау жұмыстары жалғасуда. «Д» аралына жақын орналасқан ЕРС - 2 және ЕРС - 3 аралдарында 14 ұңғыма бұрғылануда, ЕРС-4 аралында 14 ұңғыманы бұрғылау жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

«Каспийдің қазақстандық қайраңындағы бөлігінде «Қашаған», «Ақтоты» және «Қаламқаста» пайдалануға берілетін, барлау және бағалау ұңғымаларынан барлығы 41 ұңғыма бұрғыланды », - деп хабарлады «Аджип КҚО» компаниясының басқарушы директоры Умберто Каррара.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінде мұнайды өндіруді бастау 2013 жылдың маусымына дейін жоспарлануда. Бұған дейін компания ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Қашаған» кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірілуін бастауды уәде еткен болатын, бірақ мамыр айында бұл жоспарлардың бағыты өзгертілді. Бірінші кезеңде кен орнында тәулігіне 400 мың баррельге дейін мұнай өндіріледі. «Қашағанды» өңдеудің қызған шағында өндірілетін мұнай мөлшері тәулігіне 1,5 баррельге дейін жете алады.

АТЫРАУ. 29 тамыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту