Үкімет ілеспе газды пайдаланудың тиімді режимін табуы тиіс - Назарбаев

размер шрифта: Aa | Aa
04.09.2012 10:10
ҚР үкіметі газбен жұмыс істейтін электр стансаларын салу арқылы, ілеспе газды пайдаланудың тиімді режимін табуы тиіс, деп есептейді ҚР президенті Н. Назарбаев.

«Біздің инвесторлар өндіріп жатқан кеніштердегі ілеспе газ олардыкі емес, мемлекеттікі, бірақ оны кері айдау керек, үкімет тиімді режим табуы тиіс. Біз батыста газбен жұмыс істейтін орасан зор электр стансаларын сала аламыз және кері ағым пайда болады: Екібастұздан сол жаққа, ал ол жақтан - бері қарай», - деді ол дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселені шешуге әлі кіріскен де жоқ.
«Биогаз, ауыл шаруашылығы – бүкіл әлем оны пайдаланады. Ауыл шаруашылық қалдықтары биогаздың орасан зор көлемін бере алады. Қазақстандағы астық себуге жарамды жерлер экологиялық тұрғыдан химикаттар пайдаланылмаған, таза. Егер біз оны дәріптеп, өнім шығарсақ, бікіл дүниежүзі Қазақстан әлемдегі ең таза өнім шығара алатынын естіп, білген болар еді», - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, жел және күн энергиясын пайдалану республикадағы жайлаудағы мал шаруашылығына үлкен мүмкіндік жаратады.
«Ондай стансасы бар қойшы, суды да сонымен сора алады, электр қуатын пайдаланады», - деді президент.
Оның айтуынша, қайта қалпына келетін қуат көздерін пайдалану кеңестік дәуірден пайдаланылмай келе жатқан мыңдаған құдықтарды қайта пайдалануға мүмкіндік жаратқан болар еді.
«Әрине, оның бәріне қаражат керек. Қайта қалпына келетін энергетика үлкен мәселе. Сондықтан мен бұған тектен текке назар аударып отырған жоқпын. Біздің келесі бағытымыз осы пролблеманың төңірегінде болады», - деп ол атап көрсетті.

Астана. 3 қыркүйек. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту