Қазақстан «Газпромнан» алған 800 млн текше метр газды қарашаға дейін қайтарады - Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
04.09.2012 11:51
 Қазақстан «Газпром» ресейлік компаниясынан қарызға алған 800 млн текше метр газды үстіміздегі жылдың қарашасына дейін қайтарады, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

alt«Газ бойынша біз өткен жылыту маусымында 800 млн текше метр газды қарызға алған болатынбыз. 1 қырқүйектен бері осы газды қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз «Газпроммен» сәйкес уағдаластыққа қол жеткіздік. Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін қарыз жабылады», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

«Өз кезегінде, осы жылыту маусымында газбен қамтамасыз ету үшін қытайлықтармен, «Газпроммен», өзбектермен барлығы 1,2 млрд текше метр қарызға аламыз деп уағдаластық, оның ішінде 2012 жылғы жылыту маусымы бар, оған 2012 жылдың желтоқсан айы да кіреді және келесі жылдың қаңтар, ақпан, наурызына 700 (млн текше метр - ҚазТАГ). Осылайша, біз газдың ресурстық бөлігіне қатысты мәселе шешілді деп есептейміз», - деді ол.

С. Мыңбаев Қытай жағымен сәйкес келісімге «жақын күндері» қол қойылатынын хабарлады. 

Астана. 4 қырқүйек. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту