Алматыда «ҚазТрансГазАймақ» компанияның 10 жылдық мерейтойына арналған спартакияда өткізеді

размер шрифта: Aa | Aa
06.09.2012 13:46
 Алматыда 6-7 қыркүйек аралығында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ компанияның 10 жылдық мерейтойына арналған жазғы Спартакиада өткізеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«Жазғы Спартакиаданы өткізудің мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастырудың бірден бір факторы ретінде компания қызметкерлері арасында дене шынықтыруды және спортты жаппай дәріптеу болып табылады.
Екі күндік Спартакиада жарысының бағдарламасына спорттың 6 түрі кіреді – қашықтыққа жүгіру, мини-футбол, волейбол, жүзу, теннис және шахмат.
Шараға 7 өндірістік филиалдан және орталық аппараттан құрама командалар қатысады. Жазғы Спартакиадаға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жалпы саны 150-ден астам қызметкері қатысуда.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұл жолғы жазғы Спартакиадасы осы жылы өзінің 10-жылдық мерейтойын атап өтетін компания үшін маңызды корпоративтік шара болып табылады. Шынайы бәсеке ұйымдастырудағы көзделген мақсат - қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, корпоративтік мәдениетті көтеру және ұжымның бірлігін арттыру болып отыр.
Компания жыл сайын өз қызметкерлері арасында спортты және салауатты өмір салтын жаппай дәріптеп қана қоймай, ұжымда жеке адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізер Спартакиада өткізуді дәстүрге айналдырды. Осы жылы жазғы Спартакиада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 10-жылдық мерей тойы шеңберінде өтетіні қуантарлық жайт. Бүгінгі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтау саласындағы алдыңғы қатарлы және дамыған компания болып табылады. Осы жетістіктерге біздің компаниямыздың ең басты құндылығы болып табылатын, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ барлық қызметкерлерінің арқасында қол жеткіздік деп нық сеніммен айтуға болады.
Жарыс қорытындысымен спорт түрлері бойынша жеңімпаздар жалпы командалық есепте және жеке түрде анықталады. Жалпы командалық есепте 1-3 орындарды иеленген командалар құнды сыйлықтармен және кубоктармен марапатталады», - деп көрсетілген компания таратқан хабарда.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2002 жылы сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылды. «ҚазТрансГаз» АҚ жалғыз акционері болып табылады. Қоғам қызметтері тарату құбыр жолдары арқылы газ тасымалдауға, тұрғындарды, коммуналдық - тұрмыстық, өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауға, инфрақұрылымдарды басқаруға бағытталған. Қазіргі кезде ҚТГА ҚР тауар газын сату рыногының 75% қамти отырып, Қазақстанның 9 аймағының 7 - де – Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында қызмет көрсетеді.

Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту