Жайық табаны арқылы Қарауылтөбеге газ тартылды - БҚО

размер шрифта: Aa | Aa
07.09.2012 12:31
Жайықтың сол жағалауын газдандыру жобасының биылғы белгіленген межесі - өзен табанымен газ құбырын өткізу жұмыстары аяқталды.

 Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылының тұсынан Жайық астымен, яғни, 6 метрден астам тереңдікте, ал ұзындығы 300 метр газ құбыры төселді.

Бұл жұмысты «Астим» ЖШС (директоры Асхат Көшенов) атқарып шықты. Жалпы осы жобаға 95 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Енді ауыл ішіне, үй-үйге көгілдір отын желісін тарту жалғаспақ.

Бұдан бұрын Базаршолан, Базартөбе елді мекендеріне осындай жолмен Жайық арқылы құбыр өткен болатын. Оны жүргізген «СМП» ЖШС (директоры А.Сидоров) еді.

ОРАЛ. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнайгаз
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту