«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «Петровьетнам» корпорациясының басшылары өзаратүсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойды

размер шрифта: Aa | Aa
11.09.2012 16:19

Баспасөз парақшасы. 11 қыркүйек  2012 жыл. Аcтана  қаласы

Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чьюнг Тан Шангтің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде вьетнамдық делегация «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының орталық кеңсесінде болды. Қонақтар ҚР мұнайгаз өнеркәсібі көшбастаушысының қызметімен танысып, екі елдің мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастығы туралы мәселелерді талқылады. ҚМГ-дағы келіссөздер нәтижесінде өзаратүсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылды. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Киинов пен  «Петровьетнам» мұнай және газ барлау корпорациясының басшысы До Ван Хау қол қойды.

alt alt

Компаниялар арасында қол қойылған өзаратүсіністік жөніндегі Меморандум Қазақстан Республикасы аумағындағы Маңғыстау облысының құрғақ жерінде орналасқан бос учаскеде көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау, жасау және өндіруге әлеуетті бірлескен қатысуға негіз қалайды. 
Тараптар көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды ұйғарып отыр.  «Петровьетнам» мұнайды және табиғи газды барлау, игеру және өндіруде тәжірибесі бар мұнай-газ компаниясы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау және өндіруді жүргізуге қызығушылық танытты.

Бұдан бұрын, үстіміздегі жылдың шілдесінде «ҚазМұнайГаз» «Петровьетнам» мұнай және газ барлау корпорациясына техникалық қызметтер көрсететіндігі жөнінде  екі компания  қызметтер көрсету туралы келісімге   қол қойған болатын. Координаттар шегіндегі учаскелердің перспективалығы анықталған жағдайда тараптар бірлескен жұмысты жалғастырады және негізгі коммерциялық, техникалық және келісімшарттық талаптар жөнінде келіссөздер жүргізетін болады.
 
Пресс-служба
  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ    Қазақстан Республикасы, 010000,   Астана қ.,   Қабанбай батыр даңғылы, 19
тел. +7 (7172) 976340, факс: +7 (7172) 976329
www.kmg.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту