«ҚазМұнайГаз» Вьетнамда, Вьетнам компаниясы Арал теңізінде барлау жұмыстарын жүргізеді

размер шрифта: Aa | Aa
10.09.2012 11:45
Вьетнам Президентімен мұнай-газ саласындағы мәселелер талқыланды.

Бұл туралы бүгін Ақордада Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангпен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

alt«Бүгінгі өткен келіссөздердің барасында, біріншіден екі елдің арасындағы және халықаралық деңгейдегі қарым-қатынастар өте сенімді түрде талқыланды. Соның нәтижесінде Қазақстан-Вьетнам байланыстарын жоғары дәрежеге жеткізу үшін, осындай кездесулердің пайдасы өте үлкен болып табылады.  Нақты нәтижелерге келетін болсақ, Вьетнам мен Қазақстанның арасында экономикаларын бір-бірімен толықтыратын жағдайлары бар», - деп атап өтті ҚР Президенті.

«Негізінен шешілген мәселелер мен қол қойылған құжаттар өте маңызды. Сондықтан айта кететін жағдай, мұнай-газ саласында қарым-қатынас бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясының Вьетнам аумағында жұмыс істеуі, ал Вьетнам компаниясының біздің Арал теңізі төңірегінде барлау жұмыстарын жүргізу мәселесі, «Титан» кен орны Вьетнамдағы біздің компаниямен бірлескен әріптестік жасап жұмыс істеуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы қарым-қатынас, мәдени-гуманитарлық байланыстар жөнінде көп уағдаластыққа қол жеткіздік», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.

АСТАНА.  10 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚазақстан ПрезидентіҚазақстан және Азия елдеріҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту