Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
11.09.2012 12:09
Атырау қаласында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің  құрылысы басталды. Бұл туралы «Қазақстанның Даму банкі» баспасөз қызметінен хабарланды.

altБаспасөз қызметінің хабарлауынша,  Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының іргетасына «алғашқы тас» қалауға арналған салтанатты шара болып өтті. «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады.

«Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін салу жобасы өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға және мұнай шикізатын тиімді пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар, еліміздегі ең алғашқы мұнай өңдіру зауытын жаңарту отандық нарықтың шетелдік мұнай өнімдерінен тәуелділігін төмендетуге оң әсерін тигізбек», - дейді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесі Дәулетхан Қилыбаев шара барысында. 

Стратегиялық маңызды жоба Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. Жаңа кешен жоғары октанды бензин, авиациялық және дизель отынының өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық мотор отындары «Евро-5» деңгейіне сәйкестендіріледі.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың 17 тамызында Қазақстанның Даму банкі мен Атырау мұнай өңдеу зауыты арасында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойылды. Несие көлемі 252 млн. АҚШ долларын құрайды.

АСТАНА.  10 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыЖаңа индустрияландыруМұнай-газБанктерӨнеркәсіпЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту