CNPC вице-президенті Ақтөбе облысының әкімімен кездесуде мұнай мен газды өндірудің көлемін арттыру жоспарларымен бөлісті

размер шрифта: Aa | Aa
13.09.2012 12:14
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірге келген CNPC басшысы Ван Дунцзиньмен және корпорациясының делегациясымен кездесті.

altКездесуде облыс әкімі атап өткендей, Ақтөбе облысында қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясының қызметі Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық әріптестіктің оңтайлы мысалы болып табылады.

«Бүгінгі күні «CNPC-АқтөбеМұнайГаз» АҚ облыстың жетекші кәсіпорыны болып табылады. Айта кетейік, ол өндірістік-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері бойынша қазақстандық мұнай-газ өнеркәсіп кәсіпорындарының  үздік бестігіне кіреді»,  деп атап өтті ол.

Айта кеткен жөн, «CNPC-АқтөбеМұнайГаз» АҚ-ның үлесіне облыста өндірілген 73 пайыз мұнай мен 89 пайыз газ тиесілі. Компания 2011 жылы 6,2 млн. тонна мұнай, 3,4 млрд. текшеметр газ өндірді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда тиісінше 1,4 және 16,5 пайызға артық.

2011 жылы компания 83,7 млрд. теңге инвестиция құйды, соның арқасында бірқатар әлеуметтік маңызы зор инвестициялық жобалар іске асырылды. Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестициялар мөлшері 51,6 млрд. теңгені құрады. Айта кетейік, 1997-2011 жылдары игерілген инвестициялардың көлемі шамамен 5,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Кездесудің барысында тараптар келесі жылы атқарылуы тиіс инвестициялық жоспарларды талқылады, оның ішінде 3-ші Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-ші және 3-ші кезегінің құрылысын бастау мәселесі бар. Сондай-ақ әрқайсысы 80 МВт болатын екі газ-турбиналық электр станса құрылысының перспективасы талқыланды.

АҚТӨБЕ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Ақтөбе облысыМұнай-газБасқа меморгандарЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту