ҚР мұнай секторындағы еңбек құқықтарының бұзушылықтары жөніндегі Human Rights Watch баяндамасы жұмыс берушінің көзқарасынсыз әзірленген – ҚМГ БӨ

размер шрифта: Aa | Aa
17.09.2012 10:07
Қазақстанның мұнай секторындағы еңбек құқықтарының бұзушылықтары жөніндегі халықаралық құқық қорғау ұйымы Human Rights Watch баяндамасы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу»АҚ-тың (ҚМГ БӨ) көзқарасын есепке алмай әзірленген, делінген компанияның ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, ҚМГ БӨ баяндамамен танысып, «компания баяндаманы әзірлеу кезінде Human Rights Watch өкілдері ҚМГ БӨ басшылығымен кездеспегендігін хабарлауды жөн көрді».

«2012 жылдың ақпан айында ұйым ҚМГ БӨ компаниясына ресми түрде сұрау жіберді және барлық мазалаған сұрақтарына жазбаша түрде толық жауап алды. Аталмыш хат есеппен қоса жіберілді, дегенмен компаниямен ұсынылған ақпарат баяндамада көрсетілмеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған орай, ҚМГ БӨ пікірінше, «Human Rights Watch баяндамасы жұмыс берушінің көзқарасын есепке алмай әзірленді, және бір жақты сипаттамаға ие».

Және де, бұған байланысты компания «ұжымдық келіссөздердің алдын кесуге тырыспағандығын» мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы) Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі бойынша көшбасшылардың үштігіне кіреді. ҚМГ БӨ мұнай өңдеу көлемі «Қазгермұнай», CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есепке ала отырып, 2011 жылы 7%-ға, 12,3 млн тоннаға дейін төмендеді. ҚМГ БӨ дәлелденген және болжанған қорларының көлемі 2011 жылдың соңына қарай 225,81 млн тоннаны (1,66 млрд баррельді) құрады.

Алматы. 14 қыркүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту