Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орнында мұнайшылар үшін жаңа вахталық кент ашылды

размер шрифта: Aa | Aa
14.09.2012 17:33
  «ҚазМұнайГаз» ӨБ» АҚ кен орнында мұнайшылар үшін жаңа вахталық кент ашылды.

Мұнда 400 орынға арналған жатақхана, 200 орындық асхана, монша-кір жуу кешені, спорт зал мен 128 орындық 6 тұрғын модульді блок бар.

Бұл құрылыстың бірінші кезеңі, екіншісін ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны 2 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайды.

Сонымен қатар мұнда жылдың басында құрылған ұңғымаға қызмет көрсету және техникалық көлік басқармасының жұмысшылары үшін тағы да бір өндірістік база салынуда. Оның іргетасы наурыз айында қаланған болатын, ал қазіргі уақытта 250 арнайы техника жұмылдарылған аймақта бірнеше әлеуметтік және өндірістік маңыздағы нысандар бар. құрылыстың бірінші кезеңі жылдың соңына дейін, ал екеншісі 2013 жылдың мамыр айында аяқталады.

Қаражанбас кенішінде нысандарды салудан басқа, Қаламқас кен орнында 100 арнайы техника жұмылдырылған өндірістік база мен 200 орынға арналған вахталық кентті көтеру жұмыстары жүргізілуде.

АҚТАУ. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газМаңғыстау облысыҚоғам«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту