«ҚПО б.в.» компаниясы басшыларымен кездесуде тауарларды кедендік рәсімдеуді жетілдіру мәселелері талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
14.09.2012 17:34
13 қыркүйек күні БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының делегациясымен кездесу болды.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, компания делегациясын бас директор Дамиано Ратти бастап келді. Департамент бастығы Ерлан Керімовтің атап өткеніндей, аталмыш компания - Батыс Қазақстандағы басты инвестор, оның кедендік төлемдері мен салықтары бюджетке түсетін барлық қаржының 70 пайыздайын құрайды.

Кездесуде компанияға әуе көлігі арқылы жеткізілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді жетілдіру жолдары талқыланды. Кедендік бақылау департаментінің мамандары компания өкілдеріне алдын ала декларациялар толтыру арқылы алыс шетелден әуе көлігі арқылы келетін тауарларды мерзімінде және сапалы рәсімдеудің тиімді тәсілдерін түсіндірді.

«ҚПО б.в.» компаниясы басшылары аталған жағдайдан шығудың жолын табуға құлшыныс танытты. Кеденшілердің бюджетке түсуі көзделетін кедендік төлемдер мен салықтарды болжау және реттеу жұмыстарына белсене қатысуы да құпталды.

Компания басшысы кеденшілерді қуатты өндіріс орындары іске қосылып жатқан кенішке шақырды. Д.Ратти мен Е.Керімов осындай ашық кездесулердің өзекті мәселелерді шешуге септесетінін атап көрсетті. 

ОРАЛ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газБатыс Қазақстан облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту