«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 6 келісімшарт бойынша мұнай кеніштерін игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын «Ембімұнайгаз» АҚ пайдасына беруге шешім қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
18.09.2012 17:35
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 6 келісімшарт бойынша мұнай кеніштерін игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын «Ембімұнайгаз» АҚ пайдасына беру шешімін қабылдады,деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылдың 1 қазанынан бастап төмендегі алты келісім-шарт бойынша мұнай кеніштерін игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын «Ембімұнайгаз» АҚ пайдасына беру туралы шешім қабылдады: №37 Кенбай кеніші; № 61 Оңтүстік-шығыс Новобогатинское; № 211 Ботахан, Мақат, Доссор, Таңатар, Камышитовое және т.б. - барлығы 23 кеніш; № 413 Прорва, Құлсары, Қаратон, Қосшағыл және т.б. - барлығы 15 кеніш; № 327 Тайсойған кеніші; № 992 Батыс Новобогатинское кеніші», - делінген хабарламада.

Директорлар кеңесі сонымен қатар 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 300 млн. АҚШ долларын құраған «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС дивидендтерін бөлу туралы шешімді бекітті. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ үлесі 150 млн. АҚШ долларын құрады.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК қызметіне ақы төлеу құрылымын өзгерту туралы шешім қабылданды. Мұнай экспортын қамтамасыз ету және басқа да қызметтер үшін 4,5 млрд. теңге (30 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі сома тұрақты түрде төленсе, қалған бөлігі жасалған келісімшарттарға байланысты төленеді. Бұл ретте жалпы төлем сомасы 10 млрд. теңгеден (67 млн. АҚШ доллары) аспауы тиіс.

Директорлар кеңесі 2012 жылдың 6 қараша күні Астана қаласында сағат 10:30-да акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді: Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін бекіту.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінде алты жыл қызмет еткен Пол Мандука мырзаның кеңес отырысына соңғы рет қатысуына байланысты кеңес мүшелері оған алғысын білдірді.

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту