Жандосов Қазақстанда мұнай өндірудің ең көп көлемін жылына 100 млн тонна деңгейінде белгілеуді ұсынды

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2012 12:19
Қазақстанда мұнай өндірудің ең көп көлемін жылына 100 млн тонна деңгейінде белгілеу қажет, деп есептейді «Ракурс» экономикалық зерттеулер орталығының директоры Ораз Жандосов.

«Біздің көмірсутек қуаттарымыздың ең шекті жоғары мәндерін белгілеу қажет деп есептеймін, мысалы, жылына 100 млн тонна. Бұл ақылға сиымды», - деп мәлім етті ол сәрсенбі күні K2: Kazakhstan Growth форумында.

«Бұл – менің ұсынысым. (...) Нақтырақ айтсам, біріншіден, бұл - біздің энергияны косервациялауға, энергия үнемдеуге, және қайта жаңартылатын қуат көздеріне өтуге бағдарланғанымызды көрсететін қадам. Бірақ «жасыл» даму тұрғысынан алғанда осылай, ал макроэкономикалық тұрғыдан алсақ, экономиканың қазіргі өндіру көлемі – 82 млн (тонна мұнайды - ҚазТАГ) да дұрыс абсорбация алмайтыны айқын көрініп тұр», - деді О. Жандосов ҚазТАГ агенттігіне шара шеңберінде сұхбат беру барысында.

Экономист ел үкіметінің жыл сайын көмірсутек өндірісін арттыру ниетін дұрыс емес деп есептейді.

«Мен мұны дұрыс емес деп есептеймін», - деді ол.

О. Жандосовтың пікірінше, Қазақстанда энергия үнемдеу процесінде ілгерілеу бар деп айтудың өзі «қиын».

О. Жандосовтың айтуынша, елдің «жасыл» экономикаға өтуінің құны «ЖІӨ-ден артық, жүздеген миллиард доллар болуы мүмкін».

«Қазір мысалы, энергетикалық тиімділік тұрғысынан материалдарды қайталап пайдаланудың бағасы, Германияның деңгейіне жету – біз үшін жүздеген миллиардтың мәселесі», - деді ол.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың ақпанында ҚР мұнай және газ министрі Қазақстан жыл сайын 120-130 млн тонна мұнай өндірсе, ол 60 жылға жететінін айтқан болатын.

«Өндіру көлемін жылына 120-130 млн тонна (деңгейінде - ҚазТАГ) ұстап тұрғанның өзінде, бұл - 40-45 жылдан артық (Қазақстан мұнаймен қамтамасыз етілетін мерзім - ҚазТАГ). Бірақ өндіру вахтасының төмендегенін ескерсек, бұл 50 жылдан көп, 60 жыл», - деді ол.

Сонымен бірге, мұнай министрі 2015 жылы мұнай өндіруді 90 млн тоннаға дейін, 2020 жылы 120 млн тоннаға дейін көбейту жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Бұл ұлғайту қолданыстағы келісімшарттар бойынша өндіру көлемінің артуына байланысты, бұл ең алдымен, ТШО (Теңізшевройл – ҚазТАГ) және негізінен Қашаган», - деді ол.

ҚР «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңында айтылғандай, 2011 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 80 млн тоннаны құраған, 2012 жылы - 81 млн тоннаны, 2013 жылы - 82 млн тоннаны, 2014 жылы - 83 млн тоннаны, 2015 жылы 90 млн тоннаны құрайды.

Алматы. 19 қырқүйек. ҚазТАГ- Асхат Ахметбеков.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту