Павлодардағы халықаралық көрмеде $322 млн соманың келісім құжаттарына қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2012 12:20

 Павлодарда қазақстан-ресейлік өңіраралық ынтымақтастығы форумының аясындағы көрмеде $322 млн соманың 19 меморандумына, келісімшарттары мен келісімдеріне қол қойылды, деп хабарлайды ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

altКөрмеге Қазақстан мен Ресейдің инновациялар, құрылыс, энергетика, медицина салаларының 190-нан аса кәсіпорны қатысты.

Дәлірек айтсақ, қазақстандық тараптан еліміздің 13 облысының және Астана мен Алматы қалаларының 93 компаниясы қатысты, олар: «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ сияқты ұлттық компаниялар, білім, денсаулық сақтау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің кәсіпорындары.

Ресейлік тараптан Ресейдің 15 аймағының (Новосібір, Самара, Саратов, Томск, Омбы, Владимир, Алтай өлкесі, Татарстан Республикасы және Башқұртстан және тағы басқа) 98 компаниясы өз өнімдері мен жобаларын ұсынды. Ал Смоленск және Владимир облыстары Қазақстан мен Ресей өңіраралық форумдарының өткізу кезеңінде көрмеге алғаш рет қатысып отыр.

Көрмеге қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар тарапынан 50 инновациялық жоба ұсынылды.
«ҚР білім және ғылым министрлігі өндіріске енгізуге дайын 12 инновациялық жобаны назарға ұсынды (Қазақстанның техногендік қалдықтарын пайдалану негізінде өндірістік абразивті құралдарды шығару, kazfluvac тұмауға қарсы екпелерді шығаруға арналған заманауи өндірісті құру (Қазақстан әлемде 5-ші орынға ие), суды тазартудың және зарарсыздандырудың нанотехнологиялық әдісін әзірлеу (әлемде теңдесі жоқ)», - делінген таратылған ақпаратта.

Ресейлік тараптан Татарстан Республикасы 2 инновациялық жобаны ұсынды. Атап айтсақ, «Кама кристалл технолоджи» АҚ (техникалық жақұт өндірісі), «Данафлекс-нано» АҚ (мықты қаптама материалдарын шығару).

Еске сала кетсек, Қазақстан мен Ресейдің IХ өңіраралық (шекаралас) ынтымақтастығы форумы жұмысын 18 қыркүйек күні бастады және ол 21 қыркүйекке дейін жалғасады. ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумы екі елде кезекпен өтеді.

Павлодар. 19 қырқүйек. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту