Назарбаев және Путин отын-энергетикалық кешені саласындағы ҚР және РФ тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2012 12:22
 Қазақстан мен Ресейдің IX өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.

alt«Бүгін Қазақстан мен Ресейдің IX өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті», - делінген сәрсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, кездесу барысында мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық және өңіраралық даму, отын-энергетикалық кешені саласындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды.

«Бұл форум Қазақстан мен Ресей арасындағы инновациялық ынтымақтастық мәселесіне арналған. Бұл күндері Павлодарда 600-ден астам компания қатысқан үлкен көрме жұмыс істеуде. Сондай-ақ, жалпы сомасы 2 миллиард долларды құрайтын 27 келісім шартқа қол қоюды қарастыратын бизнес-форум өтіп жатыр», - деп баспасөз қызметі Н.Назарбаевтың сөзін келтірді.

Ал Ресей президенті Владимир Путин өңіраралық ынтымақтастық біздің елдеріміз арасындағы негізгі іс-қимыл саналады деді.

«Ресейдің 83 өңірінің шамамен 80-і Қазақстанмен жұмыс істейді. Тауар айналымы үнемі өсіп келеді. Бұл шекара маңында тұрып жатқан адамдар үшін өте маңызды. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, осы форум туралы бастама көтерген кезден бастап, ол Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруда маңызды роль атқарды», - деп баспасөз қызметі В.Путиннің сөзін келтірді.

Бұнымен қатар, баспасөз хабарламасында мемлекет басшылары су ресурстарын тиімді пайдалану және трансшекаралық өзендерді қорғау, сондай-ақ «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасты делінген.      

Еске сала кетсек, Қазақстан мен Ресейдің IХ өңіраралық (шекаралас) ынтымақтастығы форумы жұмысын 18 қыркүйек күні бастады және ол 21 қыркүйекке дейін жалғасады. ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастығы форумы екі елде кезекпен өтеді.

Астана. 19 қыркүйек. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту