Ақтауда мұнай бизнесінің ШОБ-тың дамуына инвестиция салуы бойынша форум өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
21.09.2012 13:15
Ақтауда 24-26 қырқүйекте мұнай-газ бизнесінің, соның ішінде шетелдік компаниялардың жергілікті бизнестің дамуына инвестиция салуы бойынша форум өтеді, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр Берлібаев.

«Біз 24-26 қырқүйекте Kazenergy-дің қолдауымен Ақтауда Батыс Қазақстанға инвестициялау бойынша форум өткіземіз, яғни форумды өткізудің алдындағы негізгі міндет – тауар өндірушілермен, шағын және орта бизнестің өкілдерімен, «Шеврон», ТШО, NCOC ірі мұнай-газ компанияларының әріптестерімен, өкілдерімен нақты жұмыс жүргізіп, сұраныс тудырып, Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер ашу», - деді ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Ақтаудағы конференцияның нәтижесі бойынша Kazenergy алаңында аталған саладағы нақты қадамдар туралы айтуға болады.

Kazenergy қауымдастығының бас директоры Жанболат Сәрсеновтың айтуынша, 2-3 қазанға жоспарланған жетінші Еуразиялық форумның барысында алғаш рет Дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысы өтеді.

Оның айтуынша, форумның өзі «Өзгерістер заманындағы әлем: орнықты энергетикалық болашақ құру» тақырыбында өтеді. 

Астана. 20 қырқүйек. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту