Әлем тұтынатын мұнайдың 10% Каспий мұнайы болады - ҚМГ

размер шрифта: Aa | Aa
21.09.2012 13:16
Әлем тұтынатын мұнайдың 10% каспийлік көмірсутектің үлесінде болады, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев.

«Бұл форум (Kazenergy- ҚазТАГ) Қашағанда мұнай өндіру басталардың қарсаңында өткізіліп отыр. Қашаған кен орнын 2013 жылы іске қосатынымызды білесіздер, бірінші тоқсанда мұнай алынады. Шын мәнінде, Қашаған әлемдік балансқа қатты әсер етеді (...), алдағы 35 жылда көмірсутекті тұтынудың әлемдік балансындағы Каспийдің үлесі 10% болады», - деді ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2020 жылы республикадан Қара теңіз бағытында жеткізілетін мұнайдың көлемі 64 млн тоннаны құрайды.

Д. Берлібаев АҚШ-та ел ішінде мұнай өндіру мәселесі қызу талқыланып жатқанын еске салды.

«Екінші жағдай – тақтатас революциясы, ол да әлемнің энергетикалық балансына әсер етеді (...) Біз бұл технологиялардан артта қалуды қаламаймыз, біз де мұны қолға аламыз», - деді ол. 

Астана. 20 қырқүйек. ҚазТАГ -  Жанболат Мамышев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту