«Теңізшевройлдың» Теңіз кен орнында екінші буын зауытын күрделі жөндеу аяқталды

размер шрифта: Aa | Aa
20.09.2012 13:10
Бүгін Атырау облысында Теңіз кен орнын өңдейтін «Теңізшевройл» ЖШС екінші буын зауытының күрделі жөнделуі аяқталғаны туралы хабарлады.

«ТШО оған 6 мыңнан астам адамды жұмылдырды, олар бүкіл күрделі жөндеу кезінде 2,6 млн-сағатты атқарды. Біз саланың қауіпсіздік техникасы мен мерзімдердің сақталуының барлық көрсеткіштерін асыра орындадық. Жергілікті мердігер ұйымдар жұмыс күшінің үлкен санын табысты жұмылдыра білді, оған негізінен қазақстандық кадрлар тартылды», - деп хабарлады өндірістің менеджері Гэри Энк.

«Екінші буын зауытының күрделі жөнделуі оның беріктігі мен ұзақ жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық қызмет көрсетудің жоспарланған процесі болып табылады. Бұл күрделі жөндеу осыған ұқсас екі ірі нысан - зауыттың өзінде және ТШО дымқыл газын жүктеп алу нысандарындағы бір уақытта жасалған бірінші күрделі жөндеу үлгісі. Енді, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, біз зауытты іске қосып, қауіпсіздік шараларын сақтап, оның өндірістік қуаттарын жобалық көлемге дейін арттыра бастадық», - деп баяндады пайдалануға беру бойынша бас менеджер Брэд Мидлтон.  

АТЫРАУ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту