Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті

размер шрифта: Aa | Aa
24.09.2012 13:12
Бүгін Атырауда акционерлік қоғам болып өзгертілген бұрынғы «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы директорлар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті.

ЕМГ директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның өндіріс бойынша бас директордың орынбасары Абат Нұрсейітов сайланды. Бас директор қызметіне «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры болып жұмыс істеген Жұмабек Жамауов тағайындалды.

Отырыста сондай-ақ қоғамның ішкі қызметін реттейтін бірқатар құжаттар мақұлданды. Атап айтқанда, ол басқару, корпоративтік хатшы, бюджеттеу, есепке алу саясаты туралы ережелер. 

Директорлар кеңесінің отырысынан кейін «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығының еңбек ұжымдары және кәсіподақ өкілдерімен кездесулері болып өтті, олардың барысында 2012 жылдың 1 қазанынан бастап «Ембімұнайгаз» ӨФ-ның «Ембімұнайгаз» АҚ-на өту принциптері туралы жарияланды. Бұл жұмыскерлердің еңбек шарттарына қосымша келісімдерді бекіту жолымен жасалады. Жұмыскерлердің «Ембімұнайгаз» АҚ-на өтуі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49 және 285 баптарының нормаларына, қызмет етіп жүрген еңбек келісім-шарттарының ережелерін сақтау талаптарына, сондай-ақ қазіргі ұжымдық келісім-шартымен қарастырылған кепілдіктер, өтемақылар және басқа да төлемдерге сәйкес жүзеге асырылады.

АТЫРАУ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту