Ақтауда бірқатар министрліктер мен мұнай-газ компаниялары басшыларының қатысуымен Инвестициялық форум өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
24.09.2012 13:13
 24-26 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» Инвестициялық форумы өтеді.

Форумға 500-ге жуық делегат қатысады. Іс-шара барысында Маңғыстау облысының өндірістік алаңдарына бару жоспарланған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Форумның құрылтайшысы - KAZENERGY қауымдастығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В, North Caspian Comrany және «Теңізшевройл» ЖШС. Форум ҚР-ның бірқатар министрліктерінің қолдауымен іске асып отыр. ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев,  Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов және басқа да лауазымды тұлғалар баяндама жасайды деп жоспарланған.

Делегаттар қатарында сондай-ақ, халықаралық және қазақстандық мұнай компанияларының, жабдықтар шығаратын, сервистік компаниялардың басшылары, сол сияқты шетелдік түрлі сауда-өндірістік палаталар мен қауымдастықтардың өкілдері бар.

Форумның мақсаты Батыс Қазақстан облысы әлеуетін дамыту, ірі мұнайгаз жобалары қажеттігін қамтамасыз ету үшін жаңа өндірістер құру, сондай-ақ аймақ экономикасының басқа салаларының жаңа инвестициялық мүмкіндігін анықтау болып табылады.

Бұл шара жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, жаңа өндірістер құруға, бизнесті кеңейтуге байланысты мәселелерді талқылау үшін,  мемлекет тарапынан да, ірі және орта бизнес тарапынан да барлық өкілдердің байланысын  жолға қою үшін маңызды алаңға айналады.

Форумның негізгі тақырыбы - Батыс Қазақстандағы болашақ жобалар, инвестициялық ахуал, республиканың батыс аймағында жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастыру жөніндегі мүмкіндіктер, ірі мұнайгаз жобаларының қажеттілігі, перспективалық өндірістердің техникалық ерекшелігі және мұнайгаз компанияларымен ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату.

 
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: ҚР ҮкіметіМұнай-газӨнеркәсіпМаңғыстау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту