Ақтау: 35 мемлекеттен келген делегат «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістерді ашу» инвестициялық форумына қатысуда

размер шрифта: Aa | Aa
25.09.2012 13:55
Ақтауда «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістерді ашу» форумы өтуде.

altОған 35 мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктері, халықаралық және қазақстандық мұнай компанияларының басшылары, сервистік компаниялардың өндірушілері, шетелдік сауда-өндірістік палаталары мен әртүрлі ассоциациялардың өкілдерінен құралған 500-ге жуық делегат қатысуда.

«Біз Каспий теңізінде іске асырылып отырған Солтүстік Каспий және басқа да оффорлық жобаларда қазақстандық қатынасты кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жағалау инфрақұрылымын дамыту аясында Аджип, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «Балықшы» ЖШС Баутино кентінде жылына қуаттылығы 34 тонна металл құрылығыларды шығаратын ЕРСАЙ, «Кеппел Қазақстан» және «KCOI» ЖШС сияқты кеме жасайтын орындар мен басқа нысандар салынып, жұмыс істеуде. Келесі жылдың көктемінде Қашағаннан коммерциялық мақсатта мұнай өндіру басталады деп жоспарлануда. Инфрақұрылымдық нысандарды салу қарқынын тездету қажет», - деді Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов.

«Мұнайгаз компанияларын сатып алуда жергілікті құрамның мәселелері өзекті болып отыр. Әкімшілік әдістерден әріптестікке көшетін кез келді - бұл халықаралық тәжірибе», - деді бас директор Жанболат Сәрсенов «KAZENERGY» мұнайгаз және энергетикалық кешені компания Ассоцациясы заңгерлер бірлестігінің төрағасы атынан.

26 қыркүйекке дейін созылатын форум жұмысы аясында Қазақстанның батыс облыстарында жұмыс орындары мен өндірістер ашуға бағытталған меморандумдар мен келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

АҚТАУ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Маңғыстау облысыМұнай-газ«ҚазМұнайГаз»Басқа меморгандар
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту