Ақтауда 35 елден келген делегаттардың назарына Қазақстанның батыс өңірін дамыту бойынша ел Үкіметінің жобалары таныстырылуда

размер шрифта: Aa | Aa
25.09.2012 13:57
Ақтауда «Батыс Қазақстанда жаңа өндіріс ошақтарын салу» тақырыбында Инвестициялық форум өз жұмысын бастады.

КAZENERGY қауымдастығының хабарлауынша, алқалы жиынға 35 елден бес жүздей делегат қатысуда. Форум делегаттарының назарына Қазақстанның батыс өңірінің экономикасын ынталандыру және мұнай-газ компанияларында жергілікті қамту ауқымын ұлғайту мүмкіндіктерін көрсететін Қазақстан Үкіметінің бірқатар байсалды ұсыныстарының тұсаукесері мен баяндамалары ұсынылуда.

Қауымдастық төрағасы Т.Құлыбаевтың атынан сөз сөйлеген  KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Жамболат Сәрсеновтың айтуынша, бүгін елімізде отандық бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған. Мәселен, жаңа өндіріс ошақтарын ашып, ескісін жаңарту бағытында мемлекет тарапынан елеулі қолдау көрсетілуде. «Индустриалық-инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы» Заң өз күшіне енді, «Жол картасы - 2020»,  «Өнімділік - 2020» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Осылардың арқасында өнім сапасы артып, ел экономикасына жаңа технологиялар ендірілуде. Әйтсе де, мұнай-газ компанияларындағы жергілікті қамту көрсеткіші қазіргі күні әлі де өзекті мәселе болып отыр.

«Қазақстандық қамтуды дамытып, өсіру үшін тараптар бір-біріне қарай қадам жасап, жақындасуы керек. Яғни, билік тарапынан біржақты қысым жүріп, инвестор тек қорғануға мәжбүр болса, бұдан еш нәтиже шықпайды», - деді Ж.Сәрсенов.

Алқалы жиын барысында айтылған ұсыныстар 2-3 қазанда Астанада өтетін KAZENERGY VII Еуразиялық форумында кеңінен талқыға түсетін болады.

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Жаңа индустрияландыруМаңғыстау облысыМұнай-газӨнеркәсіпИнвестицияларИнновациялық жоба
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту