«Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» форумының шеңберінде ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қою жоспарланып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
27.09.2012 11:05

 Ақтауда «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» инвестициялық форумы шеңберінде ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қою жоспарланып отыр, делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ының ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, форум шеңберінде Қазақстанның батыс облыстарында жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндірістер ашуға негіз болатын меморандумдар мен келісімшарт түріндегі бірқатар құжаттарға қол қойылады.

Атап айтқанда, бұл - ҚМГ және «Castle Oil&Gas Fields Services LLC» (Италия) компаниялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Актив Солар» ГмбХ (Австрия) компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Алтын КДТ» ЖШС компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚМГ, «СамұрықҚазынаИнвест» ЖШС, ҚМГ мен «DKG-East» (Венгрия) компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, ҚМГ және Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚХР) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Бұдан басқа, ҚМГ, Манғыстау облысы, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және Vallourec&Mannesmann Tubes компаниялары «Ақтау теңіз айлағы» еркін сауда аймағында айналдыра қаптайтын және жоғары герметикалық жалғағыштары бар сорғы-компрессорлық құбыр жасау зауытың құрылысы жобасын жүзеге асыруға ниет білдірді. Толық қуатында жұмыс істегенде кәсіпорында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, ҚМГ, ТШО, НКОК және КПО компаниялары арасында бірлескен іс-қимыл туралы Ақтау декларациясына қол қойылады.

Лондон пікірлесуінің жалғасы болып табылатын Аталмыш Декларация тараптардың (ҚМГ, ТШО, НКОК және КПО) қолдауын білдіреді және жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі операторлардың, инвесторлардың және мемлекеттік мекемелердің жекелеген бағдарламаларын біріктіру тегерішін қамтамасыз етуге, сонымен бірге мәліметтермен алмасу мүмкіндігін беруге және тұрақты нәтижеге жетуге және мерзімді іске қосуға жетелейтін жаңа бастамаларды дамытуға міндетті.

Декларация «KazSupplyChain» үйлестіруші аппаратын және Жұмысшы тобын құруды қарастырады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.

Алматы. 26 қырқүйек. ҚазТАГ –
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту