«Укртранснафта» 2013 жылы Кременчуг МӨЗ-іне Қазақстан мұнайын жеткізе бастайды – БАҚ

размер шрифта: Aa | Aa
28.09.2012 11:44
 «Укратранснафта» компаниясы 2013 жылы Қазақстаннан Tengiz сұрыпты мұнайын Кременчуг МӨЗ-іне жеткізе бастайды, деп хабарлайды «Украина жаңалықтары».

«Укртранснафта» 2013жылы Южный портынан Придепровск магистральді мұнай құбырларымен Қазақстаннан Tengizсұрыпты мұнайын Кременчугский МӨЗ-іне («Укрататнафта»)жеткізе бастайды», - деп мәлім еткен компания басшысы Александр Лазорконың сөздерін ақпараттық ресурс жариялап отыр.

«Алдағы жылы құбыр желісімен мұнай жеткізілімдері басталады деп үміттенеміз, бұл осы схеманың экономикасын жақсартуға алып келеді», - деді А. Лазорко.

Оның айтуынша, бүгінгі күні «Укртатнафтаға»теміржол көлігімен 80 мың тоннадан аса қазақстандық мұнай жеткізілген.

«Укртранснафта» бұқаралық акционерлік қоғамы Украинаның мұнай құбыры жүйесінің монополиялық операторы болып табылады және 100% «Нафтогаз Украины» ҰАК-сына тиесілі.

Алматы. 27 қырқүйек. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту