Conoco Phillips Қашаған жобасындағы үлесін сатуы мүмкін – МГМ басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
02.10.2012 11:24
Conoco Phillips «Қашаған» мұнай-газ жобасындағы үлесін сатуы мүмкін, деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«Ешкім ештеңе берген жоқ, бәрі сөз жүзінде ғана. ConocoPhillips өз үлесін сатуы мүмкін екенін хабарлады. Бұдан артық ештеңе білмейміз», - деді ол сейсенбі күні Астанада Казэнерджи форумы аясында.

Басқа акционерлердің үлесті сатып алу ниеті туралы сұраққа жауап берген С. Мыңбаев «ондай ниет болған, бірақ бұл олардың (акционерлердің - ҚазТАГ) ұзақ мерзімді жоспарларына байланысты, сондықтан ештеңе айта алмаймын. Нақты ештеңе жоқ» деді.

            Оның айтуынша, акционерлердің біреуі ConocoPhillips-тің үлесін сатып алса, өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) өзгермейді.

«ӨБК неге өзгеруге тиіс?! Бар болғаны үлестер ғана өзгереді, ал үкімет пен консорциумның арасындағы келісімшарт бойынша міндеттемелер өзгермеуге тиіс», - деді ол.

Солтүстік Каспий жобасы 1997 жылдың 18 қарашасында қол қойылған Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісімшарттың шеңберінде жүзеге асырылуда, оған Қашаған, Қайраң, Ақтоты, Қаламқас кен орындары кіреді.

            Қазіргі кезде Қашаған жобасына қатысушылар Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», олардыңүлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips (8,4%) және жапониялық Inpex (7,55%). Жобаны North Caspian Operating Company B.V.бірлескен операциялық компаниясы басқарады

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту