Қашағанда коммерциялық өндірісті бастау 2013 жылғы наурызға жоспарланған – Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
02.10.2012 11:26
 Қашағанда коммерциялық өндірісті бастау 2013 жылғы наурыздың соңына жоспарланған, деп ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«(Президентпен өткен кеңесте – ҚазТАГ) коммерциялық өндірісті бастауды тездету мәселесі (Қашағандағы – ҚазТАГ) қарастырылды. Консорциумда өндірісті 2013 жылғы қазанда бастау туралы уағдаластық міндеті бар, бірақ біз «4» түзетулерге сай өндіріс келесі жылдың шілдесінен кешікпесін деген толықтыру енгіздік. Сонымен қатар консорциумда өндірісті биылғы желтоқсаннан бастамақшы ниеті болды, бірақ ол ниет іске аспайтынға ұқсайды, және олар өндірісті бастау мерзімін наурыздың соңына шегерді», - деді ол Астанада журналистерге сейсенбі күні.
Еске салсақ, ең басында Қашағанда өндірісті бастау 2005 жылға жоспарланған, бірақ техникалық қиындықтарға байланысты өндірісті бастау мерзімін 2012 жылдың соңы – 2013 жылдың басына шегерген.
Солтүстік Каспий жобасы 1997 жылдың 18 қарашасында қол қойылған Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісімшарттың шеңберінде жүзеге асырылуда, оған Қашаған, Қайраң, Ақтоты, Қаламқас кен орындары кіреді.
Қазіргі кезде Қашаған жобасына қатысушылар Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», олардыңүлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips (8,4%) және жапониялық Inpex (7,55%). Жобаны North Caspian Operating Company B.V.бірлескен операциялық компаниясы басқарады.
 

Астана. 2 қазан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту