ШҰҒЫЛ: Атырауда АМӨЗ-да хош иісті отын кешенінің құрылысында жұмыс істеп жатқан жұмысшылар жалақыларын кешіктірулеріне байланысты наразылық танытуда

размер шрифта: Aa | Aa
29.09.2012 14:47
 Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті отын кешенінің құрылысында жұмыс істеген жұмысшыларға кешіктірілген жалақыларын өтеуге тырысуда.

Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Тимур Естебаев мәлім еткендей, департаментке «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасының қызметкерлерінен өтініш келіп түскен. Онда Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хос иісті отын кешенінің құрылысында жұмыс істеп жатқан жұмысшылар бірнеше ай бойы жалақыларын ала алмай жүргендігі жайлы жазылған. Қазіргі уақытта «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасында ресми тексеру шаралары басталуы үшін прокуратураға құжаттар рәсімделуде.

Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, арматурашылар мен бетоншыларға және ағаш ұсталарына сәуір айынан бері жалақы берілмей келеді. Алайда «Компанияның оңтүстік тобы» фирмасының директоры Игорь Томастың сөзіне қарағанда, жалақы тек тамыз айынан бастап кешіктірілген. Оқиғаның мән-жайын енді прокуратура анықтайды.

«Компанияның оңтүстік» тобы фирмасының жұмысшылары жалақыларын кешіктіруге байланысты жұмысқа шықпауда.

АТЫРАУ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газӨнеркәсіпҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту