ШҰҒЫЛ: Атырау облысындағы Қашаған кенішінің «Д» жасанды аралында жаппай төбелес болды

размер шрифта: Aa | Aa
29.09.2012 14:50
 Қашаған кенішінің «Д» жасанды аралында ондаған адам қатысқан жаппай төбелес болды.

Төбелес болғанын Солтүстік Каспий жобасының операторы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының баспасөз қызметі қуаттады.

Аздаған тұрмыстық түйткілден басталған төбелеске кенішті жайластыруды аяқтап келе жатқан мердігерлік компаниядарың үнділік және қазақстандық қызметкерлері қатысты. Елеулі зардап шеккен бір үнділік Атырауға тікұшақпен жеткізілді. Тағы бірнеше шетелдік жұмысшылар соққыға жығылған.

Аралға келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері жанжалды тоқтатты. Дегенмен үнділіктер әзірше жұмысқа шығуға қауіптеніп отыр.

НКОК баспасөз қызметі болған оқиға жайлы толық ақпарат әзірленген баспасөз баянында айтылатын болады, ол үшін әуелі жобаға барлық қатысушылардың мақұлдауын алу керек екенін атап өтті. Мұндай мақұлдауға бір айға дейін уақыт кетуі мүмкін. «Д» аралында жыл құстарының жаппай қырылуына байланысты жағдайда да түсіндірме дәл бір айдан кейін берілген болатын.

АТЫРАУ. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газҚоғамОқиға
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту