Алматы облысында «Алматы-Талдықорған» магистральді газ құбырының құрылысы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
29.09.2012 14:51
 Бүгін Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Қазыбек би ауылында «Алматы-Талдықорған» магистральді газ құбырының құрылысы салтанатты түрде басталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарланғандай, газ құбырының жолы облыстың 7 өңірі - Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Кербұлақ, Көксу және Ескелді аудандары арқылы өтеді. Талдықорғанға дейін трассаның ұзындығы 264,8 шақырымды құрайды. Газ құбырының сметалық құны шамамен 20 млрд. теңгені құрайды.

Газ құбырының құрылысы - қыркүйек айында басталып, 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Өңірдің ауыл аймақтары, сонымен қатар Талдықорған қаласының өзі газбен жабдықталмағаны белгілі.

Аталмыш жобаның іске асырылуы шамамен 500 мың адам тұратын Алматы облысына қарсты талдықорғандық өңірдің елді мекендерін газбен жабдықтауға негіз болады.

ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Алматы облысыМұнай-газӘлеуметтік қолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту